Бұл жоспар Тұтынушыға FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік береді.
«Ерекше нарық» жоспары бойынша
18% жеңілдікке қол жеткізу шарты:
FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін орнатпастан бұрын көлігіңіздің отын шығынын нақты әдіспен өлшеңіз.
Өлшем жасаудың әдісі:
- көлік багын отын толтырушы құрылғы өзі тоқтағанша, немесе, ыдыстан құйсаңыз, отын бак ернеуінен көрінгенше құйып толтырыңыз;
- толтыру барысын, яғни құйғаныңызды, көлік көрсеткішінде көрінген километр жазуын еш тоқтатпастан виделға түсіріңіз;
- толтырып болғаннан соң әдеттегідей жағдайда 200 километрден кем болмайтын, 250 километрден көп болмайтын қашықтық жүріңіз;
- бірінші жолғыдай, нақ сол отын бекетінде көлік багын отынға толтырыңыз;
- нақ бірінші жолдағыдай ретте толтыру барысын видеоға түсіріңіз,
- екінші рет құйылған отын көлемі мен жүрілген жол ұзындығынан отын шығынын есептеңіз: мысалы, 220 километр жүріп, 27 литр отын толтырдыңыз; 27-ні 100 көбейтіп 220-ға бөліңіз; нәтижесі – көлігіңіз әр 100 километрге 12,27 литр отын жаққан. FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін сатып аларда видеоға түскен мәліметтерді Өкілге ұсыну керек. Отын шығыны нақты мәліметтер Тіркеу кестесіне енгізіледі.
- Тіркеу кестесіне, сонымен қатар, қалдық газдардың FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін орнатар алдындағы және орнатта салысымен өлшенген мәліметтері жазылады.
- FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі орнатылған көлік 1500 километр қашықтық жүрген соң бірінші реттегідей видео түсіріп, отын шығынын есептеу керек.
- Видео мәліметтерді тексерген соң Өкіл қалдық газдар құрамын үшінші рет өлшеп, Тіркеу кестесіне енгізеді.
- Қалдық газдардың үшінші өлшемі Тіркеу кестесіне жазылып, «Ерекше нарық» жоспары орындалғанының айғағы болады. Бұл жағдайда Өкіл Тұтынушылық келісімдегі шарттарға сай Тұтынушыға Модулді сатып алуға жұмсаған қаржының 18 пайызын қайтып береді.
- Бұл жоспар Өндіруші тарапынан тоқтатылуы мүмкін. Тоқтатылу жайлы ақпарат Өндірушінің www.fpdtech.kz интернет парақшасында жарияланады.
ескерту:
бұл жоспар тоқтаған жағдайда Өкіл жоспарды орындай бастаған Тұтұнушылармен жоспарды орындап болғанша қызметін жалғастыра береді.