Динамикалық тиімділік

Бұл тарауда «Super Torque» Импульсты Модулі динамикалық және отындық артықшылықтарын әртүрлі көліктерде айқындап нақты тексеру әдістері жайлы ақпарат пен бейнелі мәлңметтер келтірілген.

НЕГІЗГІ АҚПАРАТ
Іштен жану қозғалтқышы жылу энергиясын иін валды айналдыру күшіне арқылы Бұраушы момент тудыруға арналған.

Іштен жану қозғалтқышының тиімділігі мен пайдалы әсері келесілерден айқындалады:

– Бұраушы момент (Torque) тудыруға жұмсалған уақыт;
– әр мезілдегі Бұраушы моментің (Torque) мөлшері;
– әр мезілдегі Бұраушы моменті (Torque) тудыруға жұмсалған отын мөлшері;
басқаша айтқанда,
Бұраушы моменті (Torque) азырақ уақытта азырақ отын шығынымен өндіру.

Бұраушы моменті (Torque) азырақ уақытта азырақ отын шығынымен өндіру және көлікті Қозғаушы күш (Motive Force) мөлшерін қосымша отын шығынынсыз өсіру туралы тұжырым иін валға түсірілетін жүктеменің азаюы есебінен жүретінін Динамометриялық стенд қолданып, Импульсты модуль орнатылғанға дейін және кейін тексеру арқылы жүргізіледі.

«Super Torque» Импульсты Модулін орнатып,
қозғалтқыш динамикалық өзгерістерін талдаймыз. Көрсетілген график Импульсты Модулін орнатқаннан соң қозғалтқыштың жұмысы қалай өзгергенін айқындайды.

Динамометриялық стендтегі өлшеу жұмыстары не үшін керек.
Динамометриялық стенд қозғалтқыштың тиімділігі мен нақты жағдайын айқындайды;
Компьютер көмегімен қозғалтқыштың қызметтік параметрлерін, яғни Бұраушы моментін, қозғаушы күшін және қуатын өлшейді;
Қуаты мен тиімділігін жұмыс диапазоны айналыс жиілігіне қатысты және қозғалыс жылдамдығына байланысты грфикалық түрде көрсетеді.
Маңызды ескерту: Қуат пен Жылдамдық Бұраушы моментке тәуелді. Олар Бұраушы момент пен Отын шығынын байланыстырады.

Динамометриялық стендтегі өлшеу жұмыстары қалай өтеді.

Көлікті стенд барабандарына көтеріп, мықтап бекітеді. Барабандар арқылы дөңгелек айналысы өлшеуші құрылғыға беріледі. Өлшем үш рет өткізіліп, алынған мәліметтердің орташа мәні есептеледі. Мұның арқасында өлшем қателіктері азайтылып, дәлдік деңгейі өседі. Мәліметтер негізінде гарфик сызылады. Бұл гарфикте өзара байланысқан айнымалылар, яғни Бұраушы момент, Жылдамдық, Қозғаушы күш және Қуат түйістіріледі.

Салыстырмалы өлшем ерекшелігі неде.
Бұл өлшемдер компьютер көмегімен қозғалтқыштың негізгі жұмыс параметрлерін белгілеп, салыстыру және «Super Torque» Импульсты Модулі өнемділігін растау үшін өткізіледі.
Өлшемдер екі рет, қысқа уақыт мерзімінде өтеді: көліктің қалыпты жағдайында және «Super Torque» Импульсты Модулін орнатып, бірден өлшем жасалады.


FPDtech ерекшелігін есте сақтау керек:

Қосылуы тез.
Кабелдерін көліктің электр жүйесіне алдын ала қосып, жалғау үшін тек капотты ашып, тағу ғана қажет. Бұл өлшем сапасын еселеп артырады.

Әсерінің тездігі.
«Super Torque» Импульсты Модулі әсерінің тездігі бұл өлшемдердің негізгі ерекшелігіне жатады. Тек осы ерекшелік арқасында өлшемдер графигінде бірден екі сызық жасап, олардың сызылуы арасындағы уақыт мерзімін азайтуға мүмкіндік береді.

Көрнекілік пен нақталық.
Модульді тез орнатып қосу мүмкіндігі көліке сыртан келуі мүмкін әсерлердің ықтиымалдылығын азайтып айқындайды. Жүктеменің Модульді орнатқаннан соң болатын өзгерісі, бұл жағдайда, қозғалтқыш динамикалық көрсеткіштерінің өзгеруі тек осы параметр әсерінен ауытқығанының бұлтартпас дәлелі. Сөйтіп, Модульдің іс жүзіндегі тиімділігі еш қосымша өлшемдерсіз оңай дәлелденеді. Бұл өлшемдерге сырт әсерлердің араласуын осылайша болдырмаймыз.

Өлшем барысының алғы шартары:
көрсетілген графикке алдын ала диагностикадан өтпеген, модуль орнатылғаннан соң адаптациялық 400 киллометр жол жүрмеген көліктің мәліметтері түсірілген.

Ескерту:
динамикалық көрсеткіштерді өлшеместен бұрын көлікке Импульсты модуль орнатылып, 20 киллометрге жуық жол жүріліп, көлікті бейімдеу өткізілді. Сонан соң, Импульсты модуль ажыратылып, отын мөлшерлеуші жүйе бейімделуін қайтару үшін 15 киллометрге жуық жол жүрілді.

Графиктің сипаттамасы:

жоғары жақта квадраттармен белгіленген екі қисық сызық Бұраушы момент екі мәнін көрсетіп тұр. Сызықтардың қызылы Импульс модуль орнатылмаған, ал көк сызық Импульсты модуль орнатылған көлікке тиесілі.
Сөйтіп, қызыл сызықты «Орнатылмаған», ал көк сызық «Орнатылған» деп атайық.
«Орнатылмаған» және «Орнатылған» сызықтардың айырмашылығын айқындау үшін бізге Іштен жану қозғалтқышының нақты бір көрсеткіші керек.
Ондай көрсеткіш бар. Бұраушы моментің нақты бір мәніне сәйкесетін айналыс жиіліктерін салыстырып көрейік.
Нәтиже:
«Орнатылмаған» сызықтағы Бұраушы моментің 115 NM мәні минутына 4021 айналыс жиілігіне сәйкес;
«Орнатылған» сызықтағы Бұраушы моментің 115 NM мәні минутына 2923 айналыс жиілігіне сйкеседі.
Екі сызыққа қатысты 115 NM тиімділік айырмашылығы минутына 1098 айналыс мәніне тең.
Яғни, қозғалтқыштың «Super Torque» Импульсты Модулі тудырған тиімділігі айқын көрініп және есептеліп тұр.

«Super Torque» Импульсты Модулі отындық тиімділігінің расталуы:

Жоғарыда қозғалтқыш айналыс жиілігінің айырмашылығы отын бүрку санын есептеуге мүмкіндік береді, яғни отын шығынын мөлшерлеуге болады. Мысалы, төрт цилиндрлі қозғалтқышта 1098/2 = 549 отын бүрку әрекеті үнемделеді.
Отындық тиімділік есебі келесідей: «Super Torque» Импульсты Модулі орнатылғаннан соң 115 NM бұраушы момент тудыру үшін қозғалтқышқа 549 бүрку үнемдеуге болады.

Мұндай графикте келесілер көрсетілген:
«Орнатылмаған» сызықтағы максималды Бұраушы моментің 116,9 NM мәні 76 км/сағ. жылдамдығына сәйкес;
«Орнатылған» сызықтағы максималды Бұраушы моментің 118,2 NM мәні 64 км/сағ. жылдамдығына сәйкес;
Көлік қозғалысы үшін

ең қажеттісі – «Қозғаушы күш» (Motive Force), Ньютон бірлігімен өлшенеді. Бұл – дөңгелектің жолдан итеріліс күші.
Айдаушы тарапынан бұл көліктің басты қасиеті, ал инженерлік көзқараста ол қозғалтқыш тиімділігінің басты көрсеткіші.

Бұл графикте Қозғаушы күштің (Motive Force) келесідей мәндері көрсетілген:
«Орнатылмаған» сызықта 80 км/сағ жылдамдықта 2699 N;
«Орнатылған» сызықта 62 км/сағ жылдамдықта 2727,8 N; яғни:

«Super Torque» Импульсты Модулі қосылғаннан соң Қозғаушы күштің
көбірек мөлшері азырақ уақытта өндірілген


түсініктеме:
азырақ уақытта деген қозғалтқыштың бұрынғыдай істегенде азырақ отын жұмсауына бара-бар
ескерту:
компьютерлі динамометриялық стенд көбіне Қозғаушы күш мәнін әртүрлі жылдамдықта тіркейді.

Нәтиже
«Super Torque» Импульсты Модулі динамикалық және отындық тиімділігін динамометриялық стенд көмегімен салыстырмалы түрде өлшеп,келесідей тұжырымдардың дұрыстығына көзіміз жетті:
отынды бүрку санын азайтып, Бұраушы момент өндірілуінің көбеюі графиктен «Орнатылған» сызығының барлық жағдайда жоғары болуынан көрінеді,
Бұраушы момент максималды мәні тең немесе азырақ жылдамдықта болуы,
Қозғаушы күш көбірек мәні тең немесе азырақ жылдамдықта болуы,
бір сөзбен:
қозғалтқыш негізгі көрсеткіштері – Бұраушы момент пен Қозғаушы күштің тұрақты өсуі.

Ескерту:
өсудің тұрақтылығы «Super Torque» Импульсты Модулі үздіксіз жұмыс істеуінің салдары;
Модуль жұмысы Қозғалтқыш оталғанда басталып, тоқтағанда аяқталады.

Ескерту:
неғұрлым автомобиль жағдайы дұрыс болып, ол «бүтін» болғанда «Орнатылған» сызығының үстемдігі де соғұрлым биік болады. Мұны Динамометриялық стен өлшемдері графиктері тарауынан көре аласыз.
Маңызды ескерту:
динамометриялық стен өлшемдері кезінде көлік қозғалтқышы барынша белсенді тәртіпте жұмыс істеп, көрсеткіштерді дәл анықтауға мүмкіндік туады.

БЕЙНЕ ТҮСІРІЛІМДЕР, ИНФОГРАФИКА.

Scroll to Top