Бұл келісім FPDtech «Super Torque» импульсты модулін сатып алғанда Өкіл мен Тұтынушының арасындағы хұқықтар мен міндеттерді анықтайтын шарт.
1-тарау
Тұтынушы хұқықтары:
1.1. FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін сатып алғанда чек талап етуге хұқылы;
1.2. FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін жұмысқа қабілетті күйінде алуға, яғни FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін тексеру барысына қатысуға хұқылы;
ескерту:
тексеріс толық төлем мен ораманы ашқаннан соң және іске қосып Кепілді міндеттемелер басталғанға дейін өткізіледі,
1.3. Өкілдің FPDtech-Сервис-Орталығында Тіркеу кестесінің барлық баптары бойынша FPDtech Техническалық Регламентке сай сервистік қызмет қызмет алуға хұқылы
1.4. FPDtech-Сервис-Орталығы мамандарынан Тіркеу кестесінің барлық баптарын толтыру барысында жеткілікті түсіндірмелер алуға хұқылы
1.5. «Ерекше нарық» және «Агентік келісім» жоспарлары бойынша толық ақпарат алуға хұқылы
1.6. FPDtech Өкілі өткізетін шаралар мен арнайы ұсыныстар, өзгерістер және жаңалықтар жайлы ақпарат алуға хұқылы
1.7. FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін қайтарым мерзімі бітпеген жағдайда (Қазақстан Республикасында 14 күн ішінде) қайтарып өткізуге хұқылы
ескерту:
FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін қайтарып өткізген жағдайда Тұтынушыға оның Модулді сатып алуға жұмсаған нақты қаржысын қайтару Модулді толық тексеріп, оның FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі бүтіндігін бағалаудан және FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулінің тауарлық түрінің сақталуы расталғанннан соң және Қайтарым құжатының толық толтырылуынан соң жүзеге асырылады. FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі қалыбының және жалғаушы кабелінің тазартылатын ластануы бұған кедергі болмайды.
ескерту:
FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін бағасын шегеріп басқа тұтынушыға сату мүмкін болмауы себебі Өкілдің Тұтынушыға Модулді сатып алуға жұмсаған нақты қаржысын қайтармауға негіз болып саналады
1.8. FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі Кепілді міндеттемелер мезгілінде істен шығуы жағдайында FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулінін тегін ауыстырып, оны тегін орнаттыруға хұқылы. Бұл жағдайда Модулдің сыртқы түрі есепке алынбайды
1-ескерту:
Кепілді міндеттемелер мерзімі қосымша бонустық шартар болған жағдайда ұзартылуы мүмкін, бұл шартар Тұтынушы келіскен жағдайда ғана енгізіледі
2-ескерту:
FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі Кепілді міндеттемелер мезгілінде алмастырғаннан соң Кепілді міндеттемелер мерзімі жаңадан, яғни алмастыру күнінен қайта басталады. Кепілді міндеттемелер мерзімі жаңаруын тіркеу үшін FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі жаңа реттік санын Тұтынушы Өндіруші интернет парақшасына www.fpdtech.kz сілтемесі арқылы жөнелтуі керек.
3-ескерту:
бонустық шартарға сай Тұтынушыға Өндірушінің интернет парақшасына хабарласу арқылы Кепілді міндеттемелер мерзімін қосымша төлеп жасап ұзарту мүмкіндігі бар.
Кепілді міндеттемелер мерзімін мұндай өзгерту мерзімі бір жыл болып, оның төлемі FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі еш шегерімсіз бағасының 10 пайызын құрайды.
4-ескерту:
Кепілді міндеттемелер мерзімін Өндіруші Өкілдің қатысуынсыз Кепілді міндеттемелер тіркеу рәсімі өткізілмеген жағдайда кеміте алады.
5-ескерту:
Кепілді міндеттемелер FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі жұмыс қабілетіне ғана қатысы бар.
Кепілді міндеттемелер тіркеу рәсімі өткен жағдайда ғана басталып, мерзімі 12 (он екі) айды құрайды.
1.9. FPDtech Тіркеу кестесінің және осы Тұтынушылық келісімнің қағазға басылған және екі тараптың қол қоюы арқылы расталған түрін алуға құқылы
1.10. «Ерекше нарық» жоспары шартарын орындап, Тіркеу кестесін толығымен жазып болған соң төлеген қаржысының 18 (он сегіз) пайызын бірден алуға хұқылы.
2-тарау.
FPDtech ресми Өкілі
(бұдан әрі – Өкіл) келесіге міндетті:
2.1. FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі төлемін растайтын чек беруге;
2.2. төлем қабылдаған соң FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулінің жұмыс қабілеті мен бүтіндігін тексеруге; FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулінің Жұмыс қабілеттілігі мен Бүтіндігінің өлшемшартарына сай модулды Тұтынышуға табыстауға
2.3. FPDtech-Сервис-Орталығында FPDtech Тіркеу кестесінің барлық баптары мен FPDtech Техникалық Регламентіне сай сервистік қызметтерді атқаруға
2.4. FPDtech Тіркеу кестесін толтыру барысында атқарылған барлық қызметтерге толықтай түсіндірме беруге; оның ішінде, қажет болған жағдайда, Тұтынушыға Өндірушімен оның интернет парақшасында тікелей байланыс орнатуға жәрдем беруге
2.5. «Ерекше нарық» және «Агентік келісім» жоспарлары бойынша толық ақпарат беруге
2.6. Тұтынушы өзімен хабар алмасуға жазбаша немесе электронды түрде келісім берген жағдайда жаңа қызметтер мен қызмет шартарының өзгеруі туралы хабар жөнелтіп тұруға
2.7. Тұтынушының FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін заңмен белгіленген мерзімде қайтару хұқығын бұлжытпай қамтамасыз етуге
ескерту:
FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін қайтарып өткізген жағдайда Тұтынушыға оның Модулді сатып алуға жұмсаған нақты қаржысын қайтару Модулді толық тексеріп, оның FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі бүтіндігін бағалаудан және FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулінің тауарлық түрінің сақталуы расталғанннан соң және Қайтарым құжатының толық толтырылуынан соң жүзеге асырылады. FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі қалыбының және жалғаушы кабелінің тазартылатын ластануы бұған кедергі болмайды.
2.9. FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі Кепілді міндеттемелер мезгілінде істен шығуы жағдайында FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулінін тегін ауыстырып, оны тегін орнатуға Бұл жағдайда Модулдің сыртқы түрі есепке алынбайды
1-ескерту:
Кепілді міндеттемелер мерзімі қосымша бонустық шартар болған жағдайда ұзартылуы мүмкін, бұл шартар Тұтынушы келіскен жағдайда ғана енгізіледі
2-ескерту:
FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі Кепілді міндеттемелер мезгілінде алмастырғаннан соң Кепілді міндеттемелер мерзімі жаңадан, яғни алмастыру күнінен қайта басталады. Кепілді міндеттемелер мерзімі жаңаруын тіркеу үшін FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі жаңа реттік санын Тұтынушы Өндіруші интернет парақшасына www.fpdtech.kz сілтемесі арқылы жөнелтуі керек.
3-ескерту:
бонустық шартарға сай Тұтынушыға Өндірушінің интернет парақшасына хабарласу арқылы Кепілді міндеттемелер мерзімін қосымша төлеп жасап ұзарту мүмкіндігі бар.
Кепілді міндеттемелер мерзімін мұндай өзгерту мерзімі бір жыл болып, оның төлемі FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі еш шегерімсіз бағасының 10 пайызын құрайды.
4-ескерту:
Кепілді міндеттемелер мерзімін Өндіруші Өкілдің қатысуынсыз Кепілді міндеттемелер тіркеу рәсімі өткізілмеген жағдайда кеміте алады.
5-ескерту:
Кепілді міндеттемелер FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі жұмыс қабілетіне ғана қатысы бар. Кепілді міндеттемелер тіркеу рәсімі өткен жағдайда ғана басталып, мерзімі 12 (он екі) айды құрайды.
2.10. Кепілді міндеттемелер мерзімі бойы Тұтынушы көлігін ауыстырған жағдайда, FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін Тұтынушының басқа көлігіне FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі ресми толық құнының 10 (он) пайызынан аспайтын және «Ерекше нарық» жоспарын есепке алмайтын бағада орнатып беруге
2.11. Кепілді міндеттемелер мерзімі аяқталып Тұтынушы көлігін ауыстырған жағдайда, FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін Тұтынушының басқа көлігіне FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі ресми толық құнының 20 (жиырма) пайызынан аспайтын және «Ерекше нарық» жоспарын есепке алмайтын бағада орнатып беруге
2.12. Тұтынушының Аты-жөнін, телефон номерін, FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі орнатылған көлігінің тіркеу номерін ешбір үшінші тарапқа ауызша немесе жазбаша жеткізбеуге, ешбір жерде жарияламауға
2.13. Толығымен толтырылған FPDtech Тіркеу кестесінің және осы Келісімнің қағазға басылған және екі тараппен рәсімделген данасын міндетті түрде табыстау
2.14. «Ерекше нарық» жоспары шартарын орындап, Тіркеу кестесін толығымен жазып болған соң төлеген қаржысының 18 (он сегіз) пайызын бірден беруге
3-тарау.
Тұтынушы келесіге міндетті:
3.1. FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін ол арналған кернеу мен көлік санатында ғана пайдалану;
ескерту:
FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі арналған кернеу мен көлік санаттары Өндірушінің www.fpdtech.kz интернет парақшасында жарияланады
санаттан тыс пайдалануға келесідей жағдайлар жатады:
FPDtech-Сервис-Орталығы маманы орнатпай, қоспай, өз бетімен қосу-орнату;
FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін ол арналмаған кернеу мен көлік санаттарына қосу-орнату
3.2 FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін басқа тұлғаларға ол арналмаған нысанда қолдану үшін табыстамау;
3.3 FPDtech Тіркеу кестесін толтыру кезінде тек шынайы мәлімет беру
ескерту:
Тұтынушы Аты-жөнін, байланыс телефонын, көлігін ауыстырған жағдайда Кепілді міндеттемер мерзімі аяқталмай тұрып уақытылы мұндай өзгерістерді Өндірушіге интернет парақшасы арқылы хабарлап отыруы шарт.
ескерту:
Тұтынушы кездейсоқ немесе қасақана жалған ақпарат берген жағдайда Өндіруші мен Өкіл оларға қатысты Кепілді міндеттемелер орындау міндетінен босатылады.
3.4. Өндірушіге FPDtech Тіркеу кестесін FPDtech Техникалық Регламентіне сай толтыру барысында алынған мәліметтерді жариялау хұқығын береді. Бұл мәліметтерге Тұтынушының Аты-жөні, телефон номері, FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі орнатылған көлігінің тіркеу номері кірмейді.
3.5. FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі орнатылған көлігі ауысқан жағдайда FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін басқа көлігіне FPDtech-Сервис-Орталығында орнаттырып Кепілді міндеттемелерін қайта тіркетуге;
ескерту:
Модулді басқа көлікке орнаттыру Өкілдің FPDtech-Сервис-Орталығында арнайы осы Келісімнің 2.10. және 2.11. баптарында қарастырылған жағдайларда жасалады;
3.6. Тұтынушылық келісімнің барлық баптарын оқу;
3.7. осы келісімнің барлық тараулары және бапатарымен танысып, оны Аты-жөнін жазып қол қою арқылы растау
3.8. өз Аты-жөнін жазып, қолын қойып, растау мүмкін болмаған жағдайда FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін төлеу дерегін осы келісімнің 3.6. және 3.7 баптарының орындалуы және Тұтынушылық келісім шартарымен толықтай келісуі деп мойындау;
3.9. өз көлігі техникалық жағдайы және құрамдас бөліктері мен бөлшектерінің көлік өндірушісі талаптарына толықтай сай болуына, көлгіне арналмаған бөтен құрылғылардың FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі орнатылуына дейін орнатылмауына жеке толық қаржылық жауапкершілігін мойнына алу;
4-тарау.
Өкіл келесіге хұқылы:
4.1. FPDtech Өндірушісімен арадағы Әріптестік шартқа сай, Тұтынушының көлігі FPDtech техникалық регламенті шартарына орай жұмысқа қабілетті болмаған жағдайда Тұтынушыға FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін сатпауға
4.2. FPDtech тіркеу кестесін толтыруға қажетті құралдарға қатысты FPDtech техникалық регламенті талаптарына сай жөндеу-тексеру жұмыстары өткізіліп жатқан кезде атқарылуы тиісті қызметтерді басқа мерзімге жылжытуға
4.3. қайтарым мерзімі кезеңінде, жұмысқа қабілетті FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін қайтарғанда, оның «FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулінің жұмысқа қабілеттілігі» талаптарына және «FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулінің тауарлы келбеттілігі» талаптарына толықтай сайласпауы жағдайында ол модулдің келешекте басқа тұтынушыға арзандатып сатылуы мүмкіндігі тұрғысынан қаржының қайтарым мөлшерін өз бетімен тағайындауға
ескерту:
модулдің келешекте басқа тұтынушыға арзандатып сатылуы мүмкін болмауы айқындалған жағдайда Тұтынушыға FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін сатып алуға жұмсалған нақты қаржының қайтарылмауына сөзсіз негіз болады.
4.4. болашақ тұтынушылардың назарын аудару мақсатында өздігінен арнайы жоспарлар мен әрекеттер ұйымдастыруына болады. Ол жоспарлар мен әрекеттер осы Келісім мен Әріптестік шартқа толықтай сәкесуі керек.
4.5. FPDtech Өндірушісімен жасалған Әріптестік шартқа қатысы жоқ заттарды сатып, қызмет атқаруға
5-тарау.
FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулінің жұмысқа қабілеттілігін
тексеру
FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулінің жұмысқа қабілеттілігін
тексеру келесідей ретте атқарылады:
5.1. көлікті тұтатқышын қосу (оталдыру кілттін ON қалпына бұрау, немесе оталдыру батырмасын, тежеуіш тепкісін баспай тұрып, екі рет басу) – Модулдің индикаторы жануы керек
5.2. көлікті тұтатқышын сөндіру – Модулдің индикаторы сөну керек;
5.3. сақтандырғышты қалыбынан шығару
5.4. Мультиметрді тұрақты тоқ өлшеу қалпына қосу
5.5. Мультиметр сымдарын сақтандырғыш қалыбындағы контактерге қосу
5.6. тұтатқышты қосу – Модулдің индикаторы жануы керек
5.7. Мультиметр көрсеткіші «10-100мА» немесе «-10-100мА» көрсетсе Модуль аман деген сөз
5.8. тұтатқышты ажыратыңыз
5.9. сақтандырғышты орнына салыңыз, тексеріс аяқталды
Тұтатқышты қосқанда Индикатор жанбаған жағдайда FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін тексеру келесі тәртіпте атқарылады:
5.10. тұтатқышты сөндіріңіз
5.11. Модулді кабелінен ажыратыңыз, кабелді көліктен ажыратып шығарыңыз
5.12. сақтандырғышты қалыбынан шығарып тексеріңіз, егер сақтандырғыш сау болса келесі бапқа өтіңіз
5.13. Мультиметрді диод тексеру қалпына ауыстырыңыз
5.14. Модулге кабелін қосыңыз
5.15. кабелдің қызыл сымын, яғни «+»ын Мультиметрдің «-»на, кабелдің қара сымын, яғни «-»ын Мультиметрдің «+»мен қосыңыз;
5.16. Мультиметр көрсеткіші «0,5-0,8V» болса Модуль сау, бірақ Өндіруші тарапынан ақауы бар, Кепілді міндеттемелерге сай алмастырылуы керек
Кейбір жағдайда тұтатқыш қосылғанда Индикатор жанбай Сақтандырғыш күйген болса келесіде жасаңыз:
сақтандырғышты ауыстырыңыз, егер Тұтатқышты қосқанда Индикатор жанса – тесеріс аяқталғаны.
Сақтандырғыш ауыстырылып, тұтатқышты қосқанда Индикатор жанбаса, келесідей жасаңыз:
5.17. Мультиметрді диод тексеру қалыбына ауыстырыңыз;
5.18. Модулді кабелінен ажыратыңыз, кабелді көліктен ажыратып шығарыңыз
5.19. Модулге кабелін қосыңыз
5.20. кабелдің қызыл сымын, яғни «+»ын Мультиметрдің «-»на, кабелдің қара сымын, яғни «-»ын Мультиметрдің «+»мен қосыңыз
5.21. Мультиметр көрсеткіші «0,5-0,8V» болса Модуль сау, бірақ Өндіруші тарапынан ақауы бар, Кепілді міндеттемелерге сай алмастырылуы керек
5.22. Мультиметр көрсеткіші «0» немесе «1», немесе шексіз кернеу түсуін көрсетсе, бұл Модуль кабелі теріс жалғануынан немесе өзі арналмаған санаттағы көлікке жалғануы себепті біржола істен шыққандығын білдіреді
Өндірушінің мәлімдемесі:
Модуль кабелі теріс жалғануынан немесе өзі арналмаған санаттағы көлікке жалғануы себепті біржола істен шыққанды Өндіруші тарапынан болған кемшілікке жатпайды. Бұл осы Келісім 3.1 бабының қасақана немесе кездейсоқ бұзылуы делініп, Тұтынушының FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін сатып алуға жұмсаған нақты қаржысының қайтарылмауына себеп теп танылады.
6-тарау.
FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулінің тауарлы келбеттілігі белгілері:
6.1. Модуль қалыбының бұзылуы, нақты айтқанда – жырылуы, сырылуы, майысуы, жарылуы, термо және термо-электрлі әсерлерден болған іздер, тазармайтын немесе толық тазармайтын техникалық сұйықтардан қалған іздер мен дақтар, Модуль қақпағындағы кабель жалғауышының зақымдалуы
6.2. кабель зақымдарына кабель изоляциялы қабатының бұзылуы, үзілуі, жарылуы, термо және термо-электрлі әсерлерден болған іздер, тазармайтын немесе толық тазармайтын техникалық сұйықтардан қалған іздер мен дақтар, сақтандырғыштың зақымдалуы
6.3. зақымдалған кабель қалпына келтірілмейді
зақымдалған кабелдің ақысын Өкіл тағайындап, ол ақы FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулінің «Ерекше нарық» жоспары есебінсіз ресми құнының 10 (он) пайызынан аспайды.
7-тарау.
Тұтынушы мен Өкіл арасындағы дауларды шешу
7.1 Тұтынушы мен Өкіл арасында туған дауларды Сотқа жүгінбей өзара ымыраластықпен шешуге тырысады
7.2 Тұтынушының көлігі ақаулары FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін қосудан соң табылған жағдайда, сонымен қатар Тұтынушының ойынша FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі пайдалылығы Тұтынушы көлігінде білінбеген жағдайда, Өкіл ондай арыздарды Арыз қабылдау протоколына сай қабылдайды
ескерту:
Арыз қабылдау протоколы келесі құжаттарды құрайды: Тұтынушылық келісімнің түпнұсқасы, төлем чегінің түпнұсқасы, Тіркеу кестесінің түпнұсқасы, сертификатталған мекеменің Тұтынушы көлігі барлық құрамдас бөліктерінің жағдайы мен FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін қосу күніне дейін Тұтынушы көлігінің Көлікті өндіруші Техникалық талаптарына сай болғандығын растайтын құжат
ескерту:
сертификатталған мекеменің Тұтынушы көлігі барлық құрамдас бөліктерінің жағдайы мен FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін қосу күніне дейін Тұтынушы көлігінің Көлікті өндіруші Техникалық талаптарына сай болғандығын растайтын құжат Тұтынушы көлігіне FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін орнатқанға дейінгі және оны орнатқаннан кейінгі жағдайын тәуелсіз мамандар қатысуымен салыстырмалы түрде сараптауға жалғыз негіздеме бола алады.
8-тарау.
Келісімнің жарамдылық мерзімі
8.1. Бұл Келісім 12 (он екі) ай бойы жарамды.
8.2. 1-тараудағы 3-ескертуге сай, Тұтынушының Өндірушімен www.fpdtech.kz интернет парақшасы арқылы тікелей байланысуы нәтижесінде Кепілді мерзімнің өзгертілуі Келісімнің жарамдылық мерзіміне қатысы жоқ.
8.3. Бұл Келісім екі тараптың қолдарымен рәсімделуінен бастап күшіне енеді.
Тұтынушылық келім ____________ күні заңды күші бірдей екі данада рәсімделді
Тұтынушының аты-жөні______________________________қолы_
Өкіл, аты-жөні___________________қолы_мөрі