Агентік келісім

Тұтынушы және Өкіл арасындағы қызмет көрсету туралы

1. Бұл келісім тараптар арасындағы міндеттер мен хұқықтарды айқындап, тағайындайды.

2. Келісім тараптары:

2.1. FPDtech  Өкілі (бұдан әрі – Өкіл) – ____________________, бір тараптан және

2.2. ___________________________, ______________ мекемесі рәсімдеген жеке куәлігі № ____________,  телефон номері__________________, (бұдан әрі — Агент),

FPDtech болашақ алармандарын тарту мақсатында шынайы ақпарат тарату үшін осы Келісімге тұрды.

3. Агент келесіні өз міндетіне алады:

3.1. FPDtech «Super Torque» Импульсного Модулін қолдану барысында анықталған артықшылықтары туралы шынайы мәліметтерді болашақ алармандарға жариялау;

3.2. FPDtech-Сервис-орталығы туралы нақты ақпаратты болашақ алармандарға жеткізу;

3.3. Болашақ алармандарға «Арнайы нарық» жоспарының артықшылықтарын жария ету;

3.4. болашақ аларман FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін сатып алуға ниет білдірген жағдайда, он бес күндік бекіту жасап, Өкілге аларманның аты-жөнін және телефон номерін жөнелту;
3.5. аларманның жеке бас мәліметтерін, яғни аты-жөнін және телефон номерін, басқа ешкімге жария етпеуге және бұл мәліметтерді Өкілге жөнелтуден кейін оларды аларманның көзінше жоюға;
3.6. агентік төлемге қатысты пайда болатын салықтық міндеттемелерді өз бетімен орындау
4. Агент келесіге хұқылы:

4.1. аларман бекітілген FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін он бес күн ішінде сатып алып, қайтару мерзімі (Қазақстан Республикасында – 14 күн) өткен соң Өкілден нақ сол күні өзіне тиесілі сегіз пайыздық агентік сыйақысын бір реттік төлеммен алуға;
4.2. агентік сыйақы төлемі кешіктірілген жағдайда кешігудің әр күні үшін бір пайыз, барлығы қарыздар қаржының он пайыздан аспайтын төлемақы алуға;
4.3. агентік сыйақы төлемін он күн ішінде алмаған жағдайда Өндірушіге Өкілдің өз міндеттерін орындамағаны жайлы шағым жазуға;
4.4. Өндірушіден Өкілдің өз міндеттерін орындамағаны жайлы шағым алғандығы туралы хабар алуға;
4.5. Өкілмен арада туындаған дауларды заңға сай шешуге.

5. Өкіл келесіні өз міндетіне алады:

5.1. Агент алдындағы барлық міндеттерін орындау, яғни:

5.2. осы Келісім мерзімін өз тарапынан азайтпау;

5.3. осы Келісім мерзімін бойы агентік сыйақы мөлшерін өз тарапынан азайтпау;

5.4. аларманға бекітілген FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін он бес күн ішінде сатып алып, қайтару мерзімі (Қазақстан Республикасында – 14 күн) өткен соң Агентке нақ сол күні оған тиесілі сегіз пайыздық агентік сыйақысын бір реттік төлеммен жеткізуге;
5.5. Агентің жеке бас мәліметтерін ешбір әдіспен жарияламауға;

5.6. Тұтынушының жеке бас мәліметтерін ешбір әдіспен жарияламауға;


Ескерту:

болашақ аларманның жеке мәліметтері Өкіл қорында Агентен алынған сәттен бастап он бес күн бойы сақталынып, бекіту мерзімі аяқталысымен қордан жойылады;


5.7. аларман атына бекітілген FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулінің оған он бес күнге дейінгі мерзімде сатылып, орнатылуын қамтамасыз ету;
5.8. қоймасында FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулінің аларманға бекітілген данасының бекіту мерзімі аяқталғанға дейінгі уақытта болмаған жағдайда аларманмен хабарласып, оған тиесілі FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулінің қашан қоймаға түсетінін хабарлап, орнату күнін жаңадан белгілеу;
6. Өкілдің хұқықтары:

6.1. Агентен болашақ аларман туралы ақпаратты өз қорында он бес күннен артық мерзім сақтамай, онық қандай да бір жолмен жария болуын шектеу;
6.2. агентік сыйақының үлесін Агенттік келісім жасалғанан алты ай өткен соң бір пайызға өсіруге;

Ескерту:

агентік сыйақының үлесі FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі толық бағасының он пайызынан аса алмайды;

Ескерту:

агентік сыйақы үлесінің өзгеруі осы келісімге қосымша келісім жасаумен рәсімделеді;
7. Келісімнің жарамдылық мерзімі:

7.1. Бұл Келісім 12 (он екі) ай бойы жарамды.

7.2. Агентік келісім екі тараптың қол қоюы мезгілінен бастап күшіне енеді.

7.3. Егер тараптардың біреуі осы Келісім мерзімі ақталған күннен он күн асқанға дейін екінші тарапты жазбаша Келісім үзілгені жайлы хабардар еспесе, Келісім келесі мерзімге ұзартылған болып есептеледі.

Агентік келісім күші бірдей екі данада рәсімделген күн:

________________________

Агентің Аты-жөні_________________________________қолы___________________

Өкілдің Аты-жөні_________________________қолы___________мөрі

ҚОСЫМША: Агент өзінің байланыс мәліметтерін www.fpdtech.kz интернет парақшасында жариялануына осы жерде қолын қойып рұқсат береді:


Агентің Аты-жөні_________________________________қолы__________подпись

осы Келісім бойынша өзімнің байланыс мәліметтерімді www.fpdtech.kz интернет парақшасында жариялауға осы жерде рұқсат берем.

Scroll to Top