ОТЫНДЫҚ ӨНІМДІЛІК
Бұл тарау «Super Torque» Импульсты Модулі Отындық өнімділігін әркім өз бетінше тексеріп, айқындауға және іс жүзінде көз жеткізуіне жеткілікті ақпарат пен бейнелі мағлұматтар жиналған.
НЕГІЗГІ АҚПАРАТ.
«Super Torque» Импульсты Модулі Отындық өнімділігін әркім жеке өлшем өткізіп тексеруіне болады.
Өлшем жасау реті:
– көлік отын багын толтырушы құрылғы өздігінен тоқтағанша отынмен толтыру; егер бөлек ыдыс қолдансаңыз, отын ыдыс ернеуінен көрінгенше толтырыңыз;
– күнделікті жүріс қашықтығы көрсеткішін нольге түсіріңіз;
– осыдан кейін әдеттегі қарқында 200-ден кем және 250-ден артық болмайтын жол жүру;
– көлік отын багын толтырушы құрылғы өздігінен тоқтағанша отынмен қайта толтыру; егер бөлек ыдыс қолдансаңыз, отын ыдыс ернеуінен көрінгенше толтырыңыз;
– толтыруға кеткен отын көлемі мен жүрілген жол қашықтығынан келесідей есептеу:
мысалы, жүрілген жол «220 км», қайта толтырылған отын көлемі «27 литр»; 27-ні 100-ге көбейтіп 220-ға бөліңіз; нәтижесі – 100км-ге 12,27 литр отын жұмсалды.
Нақты айтсақ:
бұл нәтиже нақты көлікке, нақты жағдайда, нақ сол ауа райы жағдайында, нақ сол жол жағдайы мен қозғалыс тығыздығы жағдайында алынды. Бұл өлшемдердің алғашқысы, отынның нақты шығынын дәлдеп есептеу үшін тағы өлшеулер өткізу қажет.
Ескерту:
бұл нәтиже көбінесе авто-өндіруші жариялаған, немесе көліктің есептеу жүйесі көрсеткен деңгеймен бірдей емес.
Алынған нәтиже отын шығыны деңгейін анықтаудағы бірінші мәлімет қана. Отын шығыны нағыз мөлшерін дәлірек анықтау үшін өлшемді, екі рет жасау қажет. Екінші өлшемді «Super Torque» Импульсты Модулін жоғарыда жазылған ретпен орнатқаннан соң жасаңыз.
«Super Torque» Импульсты Модулі орнатылған көлікке жасалған екінші өлшем Модульдің осы көліктегі нақты Отындық өнімділігін көрсетеді.
Жоғары дәлдік дәрежесіндегі мәліметтер алу үшін келесідей қажет:
– нақты көлікте отын шығыны өлшемдерін ұзақ мерзім бойы қайталап өткізу;
– басқа да көліктердің отын шығыны мәліметтерін шолып, сараптама өткізу.
FPDtech протоколдарына сәйкес мәлімет алып, оны жариялау осы ретте ғана жасалады.
БЕЙНЕЛІ АҚПАРАТ, ИНФОГРАФИКА.
Келесі мысалдар FPDtech протоколдарына сай жасалған. Олар жоғарыда көрсетілген ретпен өткізіліп, FPDtech мамандарының тікелей қатысуымен, немесе мамандардың өздерімен жасалған.