Экологиялық тиімділік
КӨЛІК ҚАЛДЫҚ ГАЗДАРЫ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІ
«Super Torque» Импульсты Модулі жұмысы салдарынан көлік қалдық газадарының құрамы өзгереді. Бұл қасиет нақты приборлармен өлшеніп анықталған. Экологиялық тиімділік тағы бір артықшылыққа жатады.
Отынды көлік саласындағы көмір-сутекті қалдықтар мөлшерін азайтушы
жаңа құрал жасалды деп кәміл жариялауға болады.
Құбылыстың сипаттамасы:
«Super Torque» Импульсты Модулін орнатып жалғағаннан соң көлік қозғалтқышы иін валына түсер жүктеме деңгейінің кемуі арқасында отын бүрку жиілігі мен көлемі азайып, отын жану белсенділігі артады, отын толықтай жанып үлгереді.
Мұндай жағдайда отын-ауа қоспасының толықтай жанып болуы,
қозғалтқыш ішінде жиналған күйелі қалдықтардың біртіндеп тазаруы және қалдық түтінде қысқа мерзімге зиянды қалдықтар мөлшерінің артуы байқалады.
Бұдан кейін, қозғалтқыщ жүйелері қалыпты істеген жағдайда, отын-ауа қоспасы мөлшерін аз уақытқа өсіреді. Қозғалтқыш іші тазарып, жануға кедергілер азайғаннан соң қозғалтқыш отын-ауа қоспасы мөлшерін әдеттегіден аз деңгейге түсіреді. Бұл, көбінесе, «Super Torque» Импульсты Модулін орнатып жалғағанып, 1200-1500 километр километр жол жүргеннен соң болады. Яғни, тазару толықтай біткеннен соң.
Қалдық газдар құрамының өзгеруі деңгейін
анықтаудың жалғыз амалы – қалдық газдар өлшемін салыстырмалы түрде өткізу. Ол үшін бензингі, немесе газды көліктерге газанализатор, ал дизель көліктерге түтін өлшеуіш қолданады. Газанализаторлы құрылғы қалдық түтін құрамындағы ыс газы (СО), қалдық көмір-сутектер (СН), көмір-қышқышқыл газ (СО2), оттегі (О2), ал түтін өлшеуіш түтін қоюлығын өлшеп көрсетеді. Сонымен қатар қалдық газдар құрамында Азот оксидтері мен басқа да заттар болып, олар сирек өлшенеді.
Газоанализатор көмегімен салыстырмалы өлшем қалай өтеді
Ескерту:
қалдық газдарды СТ РК стандартына сай өлшеу протоколын «FPDtech протоколдары» тарауынан қараңыз.
«Super Torque» Импульсты Модулін орнатып жалғамастан бұрын СО, СН, СО2 және О2 деңгейі өлшеп жазылады.
Ескерту:
оттегі О2 деігейін өлшегенде оның ауадағы мөлшері 21% пайыз екені есепке алынады;
үлесі 14,7/1 отын-ауа қоспасындағы оттегі мөлшері – 19,66%.
«Super Torque» Импульсты Модулін орнатып жалға5аннан соң СО, СН, СО2 и О2 деңгейі өлшеп жазылады. Бұл өлшем алдында модуль орнатылғанан соң 5-10 километр жол жүріп, қозғалтқышты бейімдеп алу керек.
СО, СН, СО2 және О2 деңгейі үшінші өлшемін көлікке модуль орнатылып 1200-1500 километр жол жүріп өткенен соң өткізеді.
СО, СН, СО2 және О2 үш реткі мөлшерлерін Тіркеу кестесіне енгізу керек. («FPDtech протоколдары» тарауын қараңыз).
Экологической тиімділік туралы тұжырым:
нақты көлікке орнатып, қолдана бастаған «Super Torque» Импульсты Модулінің экологиялық тиімділігін айқындау барысы, яғни көліктің шығаратын негізгі зиянды қалдықтары СО, СН, СО2 және О2 деңгейін анықтау оның Экологиялық тиімділігін растап береді.
Үш кестені талдау
№1 кесте.
Салыстырмалы бірінші өлшем мақсаты:
қозғалтқыш ішінде жанбай жиналған көмір-сутек қалдықтары толық жанып бітуіне жеткілікті жол қашықтығын анықтау.
Ескерту:
өлшем 2019 жылдың көктемінде өткізілді; көліктердің шығарылған жылы, қозғалтқыш көлемі, отын түрі, беріліс қорап түрі, жүрген жол қашақтығы жазылып алынған жоқ; электронды тексеріс өткізілмей, катализатор бар-жоқтығы белгіленбеді.
СО,СН, СО2, О2 деңлейлерінің өзгеруі келесідей тұжырымға әкелді:
400 километ қашықтық қозғалтқыш ішінде жанбай жиналған көмір-сутек қалдықтары толық жанып бітуіне жеткілікті емес. Бұл қалдық газдар деңгейіне негізделген тұжырым:
– оттегі О2 жану деңгейі жоғары: қалдық мөлшері 3%-дан кем;
– көмірқышқыл газы СО2 деңгейі жоғары: қалдық мөлшері 13%-дан артық;
– қалдық көмір-сутектер СН деңгейі өте жоғары.
Барлық көліктердің СН деңгейі өлшемдер барысында кемігені байқалып тіркелді.
№2 кесте.
Салыстырмалы бірінші өлшем мақсаты:
СТ РК Протоколына сай өлшем өткізу: әр өлшемді қозғалтқыштың бос айналыс жағдайында, минутына 2500 айналыс жағдайында, бос айналыс жағдайында.
Мәліметтерді көліктердің қолданыс күйіне сай тіркеу;
қалдық көмір-сутектер СН толық жанып таусылуына жеткілікті жол қашықтығын анықтау;
отын шығыны салыстырмалы өлшемдерін өткізу.
Ескерту:
УАЗ маркалы көліктердің «туа біткен» кемшілігі олардың оттегі өлшеуіш тетіктерінде. Бірден іске қосылып кетпей, СО деңгейіне едәуір әсерін тигізеді. Бұл көліктердің қолданыстағы жағдайы «жақсы» деген бағадан аспайды.
«KIA Sportage» және «RAVON Nexia» көліктерінің қолданыс жағдайы «аз қанағаттанарлық» деген бағаға сай.
Өлшемдерді өткізу жағдайлары:
өлшемдер 2021-жылғы қаңтар айында өткізілген; СТ РК протоколдрына сайластыру үшін өлшемдер ауа температурасы нольден жоғары гараж жағдайларында өткізілді.
Өлшем нәтижесіне
қалдық көмір-сутектер СН толық жанып таусылуына жеткілікті қашықтық жүрілмеуі әсерін тигізді. Бұл жағдай көлік ұсынған мекеме шешімімен тәжірибе уақытының аяқталуына байланысты болды.
Ескерту:
УАЗ және «RAVON Nexia» көліктері мекеме қызметіндегі көліктер.
СО,СН, СО2, О2 деңгейлерін өлшеу барысы келесідей тұжырымға негіз болды:
– оттегі О2 жұмсалу деңгейі жоғары;
– көмірқышқыл газы СО2 деңгейі жоғары;
– қалдық көмір-сутектер СН деңгейі жоғары.
Маңызды ескерту:
отын шығынының тәжірибе барысында өткізілген өлшемдеріт отын шығынының азайғанын көрсетті
№3 кесте.
Үшінші салыстырмалы өлшем мақсаты:
жанбай қалған көмірсутектердің толық жанып болуына жеткілікті қашықтық жүрген көліктер шығаратын зиянды қалдық газдар деңгейін өлшеп тіркеу.
Ескерту:
өлшемдер 2021-жылы наурыз бен маусым айлары аралығында өтті. Тәжірибе Импульсты Модуль жаңа моделі топтық сынау жұмыстары барысында өткізілді.
Өлшемдерге бұған дейін Импульсты модульді кемінде екі жыл бойы қолданған көліктер қатысты. Барлық көліктердің қолданыс жағдайлары тексеріліп, толық диагностика өткізіліп, олар 1200-1500 шақырым қашықтық жүріп өтті. Көліктердің шығарылған жылы, қозғалтқыш көлемі, отын түрі, беріліс қорап түрі, жүрген жол қашақтығы жазылып алынды.
СО, СН, СО2, О2 деңгейінің өзгеруі келесідей тұжырымға әкелді:
– оттегі О2 шығынының түсуі: орта есепте 4,56%;
– көмірқышқыл газы СО2 деңгейінің азаюы: орта есепте 3,8%;
– жанбай қалған көмірсутектер СН деңгейінің түсуі.
Ерекше дерек:
алғашқы алты көлік жанбай қалған көмірсутек СН көлемінің азаюы катализатор болмауы жағадайында тіркелген;
көмірқышқыл газы СО2 аз мөлшері оттегі О2 шығынының аз деңгейіне сәйкеседі.
Маңызды дерек:
үшінші өлшем СО, СН, СО2 және О2 деңгейі барлық көліктерге қатысты бірдей деуге боларлық мөлшерде;
отын-ауа қоспасының жануы жоғары белсенділігі байқалды, сонымен қатар, оттегі шығыны азайып, қалдықтарда көмірқышқыл газының азаюы анық көрінді.
Барлық көліктер қалдық газдар мәліметтерінің өте жақын болуы.
«Super Torque» Импульсты Модулі
Экологиялық жоғары тиімділігі туралы тұжырым
келесідей деректерге негізделген:
– экологиялық тиімділіктің ең үлкен негізі ол отын үнемі;
– отын-ауа қоспасының әр бүрікпедегі мөлшерінің кемуі оттегі О2 шығынын кемітіп, көмірқышқыл газы СО2 мен көлік жанбай қалған көмірсутек СН мөлшерінің бірнеше есе кемуі.
Айта кетер мәселе,
экологиялық тиімділік, сөзсіз, бұдан әлде қайда көп мәліметтерді қажет етеді. FPDtech протоколдарына сай өткізілетін өлшемдер мол ақпарат беруі қажет.
Мұндай өлшемдер өткізуге біз қашанда дайынбыз. Мәлімет жинап, тиімділік деңгейін көтерем деушілерге есігіміз ылғи ашық.
Маңызды қосымша:
СО, СН, СО2, О2 деңгейлерін өлшеумен қатар отындық қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді түзетулер деңгейін бақылап тіркеген жөн.
Бұл түзетулер отын-ауа қоспасы стехиометриялық қатынасқа қаншалықты сай екендігін көрсетеді. Бензин тұтынатын көліктерде 14,7 кг ауаға 1 кг бензин жұмсалуы қажет, бұл жағдайда ауа-отын қоспасы толықтай жанып, бұраушы момент тудыруға барынша көп жылу шығарады.
Ескерту:
отындық қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді түзетулер қосындысы 5 пайыздан аспаған жағдайда отын жануы ең оңтайлы болып, барынша жылу шығарады.
FPDtech Техникалық Регламентін құрау үшін ұзақ уақыт бойы әр түрлі көліктер бақыланып, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді түзетулер сарапқа алынды.
Бұл бақылаулар барысында қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді түзетулердің бір қалыптылығы, яғни, 5 пайыздық мөлшерге жақындығы аңғарылды.
Мұндай тұрақтылық «Super Torque» Импульсты Модулін қолдану арқасында отын-ауа қоспасының мөлшері азайып, отынның жақсы жануынан көруге болады.
Жалпы тұжырым:
отындық көліктерге қатысты көмірсутекті қалдықтарды
азайту мәселесі шешімін тауып,
тез мерзімде жүзеге асырылды деп жариялаймыз.
Бұған қоса, Модуль ешбір көліктің құрылысына өзгеріс жасамай-ақ орнатып қолдануға болатыны олжа.