«Ерекше нарық» жоспары

Бұл жоспар Тұтынушыға FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік береді.
«Ерекше нарық» жоспары бойынша
18% жеңілдікке қол жеткізу шарты:

FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін орнатпастан бұрын көлігіңіздің отын шығынын нақты әдіспен өлшеңіз.
Өлшем жасаудың әдісі:

  • көлік багын отын толтырушы құрылғы өзі тоқтағанша, немесе, ыдыстан құйсаңыз, отын бак ернеуінен көрінгенше құйып толтырыңыз;
  • толтыру барысын, яғни құйғаныңызды, көлік көрсеткішінде көрінген километр жазуын еш тоқтатпастан виделға түсіріңіз;
  • толтырып болғаннан соң әдеттегідей жағдайда 200 километрден кем болмайтын, 250 километрден көп болмайтын қашықтық жүріңіз;
  • бірінші жолғыдай, нақ сол отын бекетінде көлік багын отынға толтырыңыз;
  • нақ бірінші жолдағыдай ретте толтыру барысын видеоға түсіріңіз,
  • екінші рет құйылған отын көлемі мен жүрілген жол ұзындығынан отын шығынын есептеңіз: мысалы, 220 километр жүріп, 27 литр отын толтырдыңыз; 27-ні 100 көбейтіп 220-ға бөліңіз; нәтижесі – көлігіңіз әр 100 километрге 12,27 литр отын жаққан. FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін сатып аларда видеоға түскен мәліметтерді Өкілге ұсыну керек. Отын шығыны нақты мәліметтер Тіркеу кестесіне енгізіледі.
  1. Тіркеу кестесіне, сонымен қатар, қалдық газдардың FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулін орнатар алдындағы және орнатта салысымен өлшенген мәліметтері жазылады.
  2. FPDtech «Super Torque» Импульсты Модулі орнатылған көлік 1500 километр қашықтық жүрген соң бірінші реттегідей видео түсіріп, отын шығынын есептеу керек.
  3. Видео мәліметтерді тексерген соң Өкіл қалдық газдар құрамын үшінші рет өлшеп, Тіркеу кестесіне енгізеді.
  4. Қалдық газдардың үшінші өлшемі Тіркеу кестесіне жазылып, «Ерекше нарық» жоспары орындалғанының айғағы болады. Бұл жағдайда Өкіл Тұтынушылық келісімдегі шарттарға сай Тұтынушыға Модулді сатып алуға жұмсаған қаржының 18 пайызын қайтып береді.
  5. Бұл жоспар Өндіруші тарапынан тоқтатылуы мүмкін. Тоқтатылу жайлы ақпарат Өндірушінің www.fpdtech.kz интернет парақшасында жарияланады.
    ескерту:
    бұл жоспар тоқтаған жағдайда Өкіл жоспарды орындай бастаған Тұтұнушылармен жоспарды орындап болғанша қызметін жалғастыра береді.
Scroll to Top